Саясат
2 мин оқу 310

Мемлекетке қайтарылғаны – 3 миллион гектар жер

<p style="text-align: justify;">&laquo;Amanat&raquo; партиясының Орталық аппаратын&shy;да &laquo;Жер аманаты&raquo; комис&shy;сиясы&shy;ның кеңейтіл&shy;ген оты&shy;рысы өтті. Жиын ба&shy;ры&shy;сында атқарыл&shy;ғ&shy;ан жұ&shy;мыстың аралық қо&shy;ры&shy;тын&shy;дысы шығары&shy;лып, алдағы міндеттер айқындалды.</p>

Мемлекетке қайтарылғаны – 3 миллион гектар жер

Іс-шараға Мәжілістегі «Amanat» партиясы фрак­ция­сы­­ның депутаттары, Бас прокуратура, Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің бас­шылығы, қоғам қайрат­керлері, партияның өңір­лік филиалдарының ат­қарушы хатшылары және тағы басқалар қатысты.

Отырысты ашқан партия Төр­ағасы Ерлан Қошанов жайы­лымдық жер мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жеке бақылауында екенін атап өтті.

«Былтыр Президент игеріл­мей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып алу туралы Үкімет пен Бас прокуратураға арнайы тапсырма берді. Бұл жұмысқа партия жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді атсалысып келеді. Мәселен, бүгінде еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, оның нақты 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асты», деді Ерлан Қошанов.

Ол аз уақыт ішінде комис­сия­ның «жедел желісіне» тұр­ғын­дардан 2,5 мыңнан астам өті­ніш келіп түскенін атап өтті. Халық­тан келіп кеткен өтініш-арыз­дың барлығы жергілікті әкім­дік­термен және бейінді ми­нистр­лікпен бірлесіп мұқият қаралды.

Сондай-ақ партия төр­ағасы алдағы уақытта атқары­ла­тын жұмыстардың негізгі міндеттерін атап өтті. Мәселен, өңірлік комиссиялар мемлекетке қайтарылған ауыл шаруа­шылығы жерлерінің халық арасында әділ бөлінуіне қатаң бақылау жасауы қажет. Сондай-ақ жерді заңсыз бөлген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және болашақта осындай фактілерге жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау керек.

«Жер аманаты» комиссия­сы­ның мүшелері әрбір ауыл­дық елді мекендегі жайылым тап­шылығы мен мемлекет мен­шігіне қайтарылған жер учас­келерінің тізбесін көрсе­тетін интерактивті карта әзірлеуді ұсынды.

Сондай-ақ отырыс барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев, заңгер Бақытжан Базарбек, қоғам қай­рат­к­ерлері Мұрат Әбенов, Ға­лым Байтоқ, журналист Мақ­сат Толықбай, пар­тия фи­лиал­дарының ат­қарушы хатшылары және тағы ба­с­қалар сөз сөйлеп, игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстарына қатысты ойларын ортаға салды.

Бөлісу: