Қоғам
1 мин оқу 2,573

Кішкентай құтқарушы

<p style="text-align: justify;">Қауіптің қайдан, қашан тап боларын кім білген? Атырауда екі жасөспірім Жайық өзенінде қатқан мұздың үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен. Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні болған.</p>

Кішкентай құтқарушы

Ал оларды құтқаруға қол ұшын созған кім? Бір таңда­нар­лығы, ересектер емес, сол маңда ойнап жүрген 8 жасар Дін­мұхаммед Жаңбырбай суға батқан замандастарын құт­қаруға бірінші болып ұм­тыл­ған. Сөйтіп, ол өзінен үл­кен екі жасөспірімнің бірін қолынан тартып, судан шығаруға кө­мек­тескен. Судан шыққан жас­өспірімнің бірі екіншісін құт­қарып қалған. Кейін суға бат­қан екі жасөспірімнің бірі 14, екіншісі 9 жаста екені анық­талды.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ба­лаларға алғашқы көмек көр­сетіп, жасөспірімдерге де, олардың ата-аналарына да мұз үстінде жүрудің қауіпті екенін түсіндірді.

– Баламды ажалдан құт­қаруға көмек берген Дін­мұ­хаммедке әрекеті мен жана­шырлығы үшін алғысымды айтуды жөн көрдім. Ол қорқып қашып кетпей, батыл әрекет етті. Қиналған жанға көмегін берген батыл баланың ата-анасына да ризашылығымды білдіремін, – дейді 9 жасар жасөспірімнің анасы.

Облыстық төтенше жағ­дай­лар департаментінің қо­ғам­мен байланыс тобы Жа­йық өзеніндегі мұздың әлі де қауіпті екенін ескертіп отыр. Өзен жағалауында мұздың қалың­дығы – 3-5 см. Ал өзен­нің орта тұсында мұз әлі қатпаған.

Атырау облысы

Бөлісу:
Кішкентай құтқарушы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар