Теннис
1 мин оқу 263

Дубайда дайындалады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншылары жаңа маусымға дайын&shy;дығын Біріккен Араб Әмірліктерінде бастайды.</p>

Дубайда дайындалады

5-25 желтоқсан аралығына жоспарланған Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына еліміздің әйелдер және ерлер құрамаларының теннис­шілері қатысады. Сондай-ақ Team Kazakhstan академиясының жас ойыншылары ересектермен бірге дайындалады. Ұлттық құрама капитандары – Юрий Щукин мен Ярослава Шведова жаттығу жиынына Елена Рыбакина, Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Тимофей Скатов, Михаил Кукуш­кин, Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев, Дмитрий Попко, Арысланбек Айтқұлов және Ислам Орынбасар секілді теннисшілерді шақырған.

Жиыннан кейін қазақстандық теннисшілер Аустралияға аттанады. Жерлестеріміздің бір бөлігі United Cup кубогінде, басқалары Аде­лаида WTA 500 және Хобарт ATP 250 тур­нир­лерінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар «Үлкен дулығаның» алғашқысы – Australian Open біріншілігінде де бақ сынайды.

Бөлісу:
Дубайда дайындалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар