Ауа райы
1 мин оқу 480
Кей өңірлерде 35 градусқа дейін аяз болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымның жоғарылау өрісінің ықпалында болады. Осыған байланысты елімізде ашық, аязды ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, тұман, оңтүстікте көктайғақ болады.
«Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. 6 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды облысында, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін аяз күтілуде», делінген хабарламада.
Бөлісу: