Футбол
1 мин оқу 591
Әлем чемпионаты: Бүгін 1/4 финалдың екі қатысушысы анықталады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалының тағы екі ойыны өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Күннің алғашқы ойынында Жапония Хорватиямен ойнайды. Кездесу сағат 20:50-де басталады.
Екінші ойын дүйсенбіден сейсенбіге ауған түні Бразилия құрамасы Оңтүстік Кореямен ойнайды. Ойын сағат 00:50-де басталады.
Еске салайық, плей-офф кезеңінің алғашқы екі матчының қорытындысы бойынша Нидерланды, Аргентина, Франция және Англия ширек финалға шықты.
Бөлісу: