Қазақстан
1 мин оқу 650
Қазақстанда табиғи газ өндірісі азайған
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар-қазан аралығында табиғи газ өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 259,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға аз, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
«Есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз», делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.
Бөлісу: