Байқоңырға «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Жақында Байқоңыр ғарыш айлағына «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алайда, 2022 жылдың желтоқсанында Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштар ұшырылмайды. Бұрын жоспарланған ұшырылымдар 2023 жылға шегерілді.
Бұған дейін 2022 жылдың соңына дейін Байқоңырдан ресейлік және шетелдік спутниктері бар «Союз - 2» зымыранының екі ұшырылымы мен «Протон-М» зымыранының бір ұшырылымы жоспарланған еді.
Қазіргі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағында 2023 жылға жоспарланған ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр. Ұшыру жоспарына сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанында екі старт болады: ақпан айында ХҒС-қа «Прогресс МС - 22» көліктік жүк кемесі, ал наурызда «Союз МС-23» кемесі ұшырылады.