Оқиға
1 мин оқу 180

Ресейдегі аэродромда жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Рязань қаласының маңындағы аэродромда жанармай таситын көлік өртеніп, соңы жарылыспен аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеген. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз адам зардап шекті, оның үшеуі қайтыс болған», деп жазылған «Известия» басылымы таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, жанармай таситын көліктің жарылуы ұшақты да зақымдаған.  Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Ресейдегі аэродромда жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар