Саясат
2 мин оқу 260

Тұрақтылыққа төнген үлкен қауіп

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.</p>

Тұрақтылыққа төнген үлкен қауіп

Кеңестің бірлескен отырысына және ҰҚШҰ ПА XV пленарлық отыры­сына қатысушылар Арме­ния Рес­пуб­ликасының 2021-2022 жыл­дардағы ұйымға төрағалы­ғының қорытындылары мен Бела­­русь Республикасының алдағы төрағалығы кезіндегі басымдық­тары туралы ақпаратты тыңдады.

Мәжіліс спикері өз сөзінде өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін түрлі қауіп-қатерлер мен қақтығыстардың өзекті болып отырғанына назар аударды. Мұндай жағдайларда ашық диалогтің маңыздылығын Қазақстан Президенті талай мәрте атап өткен болатын. Е.Қошановтың айтуынша, осы тұста ҰҚШҰ ел­дері парламенттеріне үлкен жауап­кершілік жүктеліп отыр.

Отырыс барысында Мәжіліс Төрағасы ұйымға мүше елдердің терроризммен күрес саласындағы ұлт­тық заңнамаларын үйлестіруге мүм­­кіндік беретін Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымының «Терро­ризм­ге қарсы іс-қимыл туралы» жа­ңа мо­дельдік заңын әзірлеуді ұсынды.

– Терроризм қауіпсіздік пен тұрақ­тылыққа үлкен қауіп төн­діре­ді. Ол заңсыз көші-қонның, транс­ше­каралық қылмыстың, заңсыз қару-жарақ пен есірткі тасыма­лы­ның артуына ықпал етеді. Бізге осы сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұ­рудың нақты құқықтық тетікте­рін қалыптастыратын ҰҚШҰ ел­дерінің модельдік заңна­ма­сы­ның сапалы базасын қамтама­сыз ету керек, – деді Е.Қошанов.

Отырыста ұйымға мүше мем­ле­кет­тердің ұлттық заңнама­сын жа­қындастыру және үйлес­тіру бойынша ҰҚШҰ ПА-ның қолданыстағы іс-шаралар бағ­дарламасын іске асыру аясында бірқатар модельдік құқықтық акті қабылданды.

Соның ішінде отын-энергети­калық кешен объектілерінде терро­ризмге қарсы іс-қимыл, халық­ар­а­лық терроризмнің ҰҚШҰ елдері­не енуі мүмкін арналарға тос­қауыл қою, ҰҚШҰ модельдік акті­лерін қабылдау үшін әзірлеудің және да­йын­даудың әдістемелік негіздерін жетілдіру бойынша ұсынымдар бар.

Сонымен қатар отырыстың күн тәр­тібіндегі мәселелердің бірі – биылғы 20 қарашада өткен Қазақ­стандағы президенттік сайлауды бақылауға қатысқан ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблея­сы мони­торингтік тобының қоры­тынды­лары. ҰҚШҰ ПА миссиясы­ның қорытындысына сәйкес, сайлау халықаралық нормалар мен ұлттық заңнамаға толығымен сәйкес өтті.

Айта кету керек, ҰҚШҰ ПА құра­мына Армения, Беларусь, Қазақ­стан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің өкіл­дері кіреді. Онда әлеуметтік-эконо­микалық және құқықтық мәселелер, саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, қор­ғаныс және қауіпсіздік мәсе­ле­лері бойынша үш тұрақты комиссия жұмыс істейді.

Бөлісу:
Тұрақтылыққа төнген үлкен қауіп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар