Оқиға
1 мин оқу 334
Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.</p>
«4 желтоқсан сағат 21:25-те ВАЗ-21099 автомашинасының салонынан 1989 жылы 20 тамызда өмірге келген «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы С.В. Видлогтың мәйіті табылды», делінген тараған хабарламада.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.
Белгілі болғандай, бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ тіркелген. Тергеу жүріп жатыр.
Аталған оқиғаны жергілікті БАҚ растап отыр.
Бөлісу: