Аймақтар
1 мин оқу 230

Ұқыптыны ұры алмас

<p style="text-align: justify;">Ел көлемінде қараша айының 28-30-ы күндері &laquo;Мал ұрлығы&raquo; жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Ішкі істер министрлігінің бірінші тоқсанға арналған нұсқауы аясында қолға алынған операция Сыр өңірінде де іске қосылды.</p>

Ұқыптыны ұры алмас

Мал ұрлығының алдын алып, жолын кесу, ұрыларды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақсат тұт­қан жедел іс-шараға облыстық поли­ция департаментінің жеке құрамы жұмыл­дырылды.

Департаменттің барлық қыз­мет салаларымен бірлесе бекітіл­ген жоспарға сай жүргізілген жұмыс нәтижесінде поли­цей­лер екі күнде 14 деректі әшкере­леді. Оның ішінде өткен жылдары жасалған қылмыстар да бар. Же­дел жұмыстардың нәтижесінде «ма­лым қолды болды» деп арыз­дан­­ған кей тұрғынның жоғалт­қа­ны жайылымнан табылып, 14 қыл­мыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Ұрланған және жоғалған 20 бас мал табылып, иелеріне қолхатпен қайтарылды. Әри­не, ұрлықты анықтау – полицей­лердің міндеті. Бірақ иесі де малына қырағы болғаны жөн-ақ. Әйтпесе, «айдай салдан аз өлді, көре салдан көп өлдінің» жыры жуырда тау­сылмайды. Біз әлі ұқыптыны ұры алмайтынына мән бермей келеміз.

Жедел іс-шара кезінде бар­лық аудан­дар мен облыс орталы­ғында мал және ет өнімін тасымалдау фактілерін анықтап, ет сататын базарлар мен орындарды тексеретін мобильдік топтар жұмыс істеп, мал және ет та­сы­­малдаған 410 автокөлік, ет өнім­­дерін сататын 166 орын, 100 фермерлік шаруа­шылық тексерілді.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Ұқыптыны ұры алмас · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар