Аймақтар
1 мин оқу 462

Павлодар облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Астана&raquo; телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Оқыс жағдай салдарынан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шеккен. Оның денесінің 40 процентін күйік шалған. Қазір ол ауруханада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалану ережесі сақталмаған. Содан жарылыс болып, үйдің шатыры өртенген. Ас үй мен кіре беріс опырылып түскен.

Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді. 

Бөлісу:
Павлодар облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар