Қоғам
1 мин оқу 331

Алматыда жоғалған оқушы табылды

<p style="text-align: justify;">Еріктілердің көмегінің арқасында 6 желтоқсан күні таңертең Алматыда жоғалып кеткен 9 жастағы оқушы аман-есен табылды, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

– Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы – балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.

Оқушы қызды іздеуге барлық полиция жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және тұрғындар жұмылдырылды.

Алматыда жоғалған 9 жасар қыз табылды

Бөлісу:
Алматыда жоғалған оқушы табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар