Президент
1 мин оқу 361

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий ұзартылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы &laquo;Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы&raquo; Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы&raquo; <a class="anchor-url" href="https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynda-tekserulerge-zhane-profilaktikalyk-bakylau-men-kadagalaudy-baryp-zhurgizuge-moratoriy-engizu-turaly-711812" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Жарлыққа</a> қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы  1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;».

2. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

          Президенті                                                     Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 7 желтоқсан

           № 44

Бөлісу:
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий ұзартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар