Президент
1 мин оқу 281

Экономикалық ынтымақтастық

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Астанаға ресми сапармен келген Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады.</p>

Экономикалық ынтымақтастық

Кездесу барысында сау­да-экономикалық және ин­вес­тициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріле оты­рып, Қазақстан мен Литва қарым-қатынастарын дамыту перс­пективалары, сондай-ақ халық­аралық ұйымдар аясындағы іс-әрекет мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Габ­риэлюс Ландсбергиске ілтипат біл­діре отырып, Литва еліміздің Бал­тық жағалауы аймағы мен Еу­ропалық Одақтағы басымдыққа ие серіктесі екенін атап өтті.

Кездесуде үкіметаралық ынтымақтастықты және екі елдің іскер топтары арасында көлік, логистика, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы іс-әрекетті жандандырудың маңыздылығы сөз болды.

Өз кезегінде Габриэлюс Ландсбергис Қасым-Жомарт То­қаевқа, Литва Президенті Гитанас Науседаның жүрек­жар­ды сәлемін және ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Литва Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Бұдан бөлек, олар халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмас­ты.

Бөлісу:
Экономикалық ынтымақтастық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар