Қазақстан
1 мин оқу 220
Бірнеше өңірде қар жауады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша ауқымды антициклон әсер етеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа күтіледі.
Тек елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында - қалың қар түсіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Қазақстанның оңтүстігінде - көктайғақ, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қалың қар жауады.
Бөлісу: