Экология
1 мин оқу 445

Каспий теңізінде итбалықтар қырылып жатыр

<p style="text-align: justify;">Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Каспий теңізінің Дағыстан жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Әзербайжан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері теңізде мониторинг жүргізді. 

Биоәртүрлілікті қорғау қызметінің басшысы Фируддин Әлиевтің айтуынша, іс-шаралар барысында Хачмаз ауданында, Истису ауылы маңында, Тиканлыоба, Сейдли және Набран ауылдарында барлығы 17 итбалық өлексесі табылған. 

«Әзербайжанның азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандарымен бірлесіп итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін өлекселерден сынамалар алынады. Қосымша ақпарат халыққа жеткізіледі», деді ол.

Бөлісу:
Каспий теңізінде итбалықтар қырылып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар