Әлем
1 мин оқу 380
Швейцарияның президенті сайланды
<p style="text-align: justify;">Швейцарияның ішкі істер министрі болып келген Ален Берсет президент болып сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ел парламентіндегі дауыс беру кезінде Берсе 140 дауыс жинаған. Оның кандидатурасына 31 парламентарий қарсы дауыс берсе, тағы 46-сы қалыс қалды.
Ол қазіргі президент Игнацио Кассисті алмастырады. Жаңа президент қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарында кіріседі.
Ал вице-президент қызметін Қорғаныс, қоғамдық қорғау және спорт министрлігін басқаратын Виола Амхерд атқарады.
Бөлісу: