Аймақтар
1 мин оқу 462

Қараша қаздар қайтқанда

<p style="text-align: justify;">Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, &laquo;Ерен еңбегі үшін&raquo; медалінің иегері, жазушы Бауыржан Ғұбайдуллиннің &laquo;Қараша қаздар қайтқанда...&raquo; атты кездесу кеші өтті.</p>

Қараша қаздар қайтқанда

Қадыр орталығының «Елеулі есімдер» атты дәстүрлі жоба­сы аясында өткен іс-шараға ха­лық көп жиналды. Кеш иесін ор­­талық директоры Бауыржан Ха­лиолла құттықтап, Батыс Қа­зақстан облыстық Мәде­ниет бас­қармасының және Қадыр орта­лығының атынан Алғысхаттар мен естелік сыйлық табыс етті.

Сахна төріне Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, ақын Ақұштап Бақ­тыгерейқызы шығып, қаламдас інісі туралы тол­ғана сөз сөйледі. Қаламгерді жер­лестері – Ақжайық ауданы әкі­мінің орынбасары Бақберген Әбуов пен Теректі ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиевтер де құттықтады.

Осы кеште Бауыржан Фай­золла­­ұлының жаңа қыры – саз­герлік қабілеті де көп­ке та­­нылған сәт бол­ды. Әндерді Қа­­зақ­стан Рес­пуб­ликасының еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожа­қов, ха­лық­аралық, республикалық кон­курс­тардың лауреаты Нұржан Тас­болатов пен Дархан Құлбабаев, «BatysStar» тобы керемет орындады.

Кеш барысында жазушы шы­ғар­­ма­шылығы жөнінде әсерлі әңгіме өрбіді. Әсіресе қаламгердің екі жыл бұрын баспадан шыққан «Биленбеген вальс» кітабы ха­қында оқырман қауым, жастар бірнеше сұрақ қойды. Автор олардың бә­ріне ыждағатпен жауап беріп, шығар­машылық шеберханасы туралы ой бөлісті.

Бауыржан Ғұбайдуллиннің ұлы Алпамыс Файзолла да әке ізін жалғаған жас ақын, аудар­­машы. Кеш барысында Ал­­па­мыс Астана қаласынан Қадыр­сарайдың көрер­мен залына онлайн қосылып, әкеге арнаған өле­ңін оқып берді.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қараша қаздар қайтқанда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар