Спорт
1 мин оқу 333

Жерлестеріміз жүлдегер атанды

<p style="text-align: justify;">Кейінгі жылдары қазақстандық жас талантты спортшылар елімізде кенжелеп қалған спорттың түрінен олжа салып жүр.</p>

Жерлестеріміз жүлдегер атанды

Атап айтар болсақ, жуырда Нидерландтың Ассен қаласында спорттық би жарысынан кезекті әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Сол додада қазақстандық Арман Төлеп­бер­генов пен Зеріп Мәдиқызы жұбы өнер көр­сетіп, «қызғалдақтар елінен» күміс жүл­­демен оралды. Бұл – елордалық жас жет­кіншектердің әлем біріншілігіндегі алғашқы жүлдесі. Арман – спорттық бимен жеті жасынан бастап айналысса, Зеріп алғаш рет 4 жасында спорттық бидің әліппесімен танысқан. Қазіргі таңда олар елордадағы starlight Balance спорттық би клубында жаттығады.

Қазақстандық және ресейлік білікті бап­­керлер – Екатерина Рыбина, Руслан және Валерия Айдаевтардан тәлім алатын жерлестеріміз бүгінге дейін бірталай жарыс­та өз мықтылығын дәлелдеп үлгерді. Олар Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Көкшетау қалаларында ұйымдастырылған елішілік додаларда бірнеше рет топ жарған болса, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында, Болгарияда өткен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері атанған.

Бөлісу:
Жерлестеріміз жүлдегер атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар