Аймақтар
1 мин оқу 440

Балауса бишілердің табысы

<p style="text-align: justify;">Исатай аудандық оқушылар үйіндегі 13 үйірмеде 535 оқушы қосымша білім алады. Ал Қамажай Мұғауқызы жетекшілік ететін &laquo;Аққайың&raquo; ансамблінің балғын бишілері талай жүлдені иеленіп жүр. Жақында олар Ресей Федерациясының астанасы &ndash; Мәскеуде өткен халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді.</p>

Балауса бишілердің табысы

Ансамбль жетекші­сінің айтуынша, биыл маусымда «Jas tolqyn» жас таланттар байқауында жеңімпаз атанып, халықаралық бай­қау­ға жолдама алған. Ал өткен аптада Ре­сейдегі бай­қауда Мәс­кеу, Ас­тра­хан, Крас­нояр, Но­во­­­сібір өңір­лері мен Қал­мақ Рес­пуб­ли­касының өнер­паз­дары да бақ сынаған.

– Біздің ансамбль би аталымының бас жүл­десін иеленді. Байқауға ан­самбльдің орта тобынан 12 биші қатысты. Өйткені олар – осындай байқауға қа­­тысып, тәжірибе жи­на­ған бишілер. Сол себеп­тен олардың өне­рі жоға­ры бағаланатынына сен­­ген едім. Сол сенімім ақ­­тал­ды, – дей­ді Қамажай Мұ­­ғауқызы.

Атырау облысы

Бөлісу:
Балауса бишілердің табысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар