Экономика
4 мин оқу 440

Әуе компанияларының әлеуеті

<p style="text-align: justify;">7 желтоқсан &ndash; Халықаралық азаматтық авиация күні саналады. Кәсіби мереке 1994 жылы ИКАО-ның 50 жылдығын атап өту кезінде белгіленген. Отандық азаматтық авиация қызметінде ұшу қауіпсіздігінің деңгейін одан әрі күшейтуге байланысты негізгі мақсаттарға қол жеткізу бойынша жұмыс жоспарлы түрде орындалып келеді.</p>

Әуе компанияларының әлеуеті

Биыл аталған саладағы же­тіс­тіктер жолаушылар тасы­малының ұлғаюынан байқа­лады. Жыл басынан бергі 10 айда қазақстандық әуе компаниялары шамамен 9 млн адамды тасымалдады. Бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 16%-ға (7,7 млн жолаушы) көп. Мы­са­лы, Air Astana компания­сында жолаушылар ағыны ша­мамен – 3,4 млн адамға, FlyArystan компаниясында – 2,6 млн адамға жуықтап, SCAT ком­паниясында жолаушылар саны – 2,4 млн-ға және Qazaq Air-да 500 мың адамға өскен.

Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық әуе кемелерінің паркі 2025 жылға дейін 51 ұшақпен толық­ты­рылады. Осы жылы отандық авиакомпаниялардың паркі 10 жаңа ұшақпен толықты. Мәселен, SCAT компаниясының әуе кемелер паркі 5 ұшақпен толықса, FlyArystan 3 ұшақ және Air Astanа 2 әуе кемесін сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа ұшақ пайдалануға бері­леді. Азаматтық авиция ұшақтарының жаңаруы рейс­тер­дің кешігуін азайтуға, тасымалдау сыйымдылығын арттырып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ қазақстандық әуе тасы­малдаушылардың ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

2022 жыл отандық азаматтық авиация қызметі үшін елеулі оқи­ға­ларға толы болды. Мә­се­лен, ұшу қауіпсіздігінің дең­гейін одан әрі күшейтуге бай­ла­нысты негізгі жоспар жүйелі түрде орындалып келеді. Бұл орайда Еуропалық комис­­сияның Қазақстандағы ұшу қа­­уіп­­сіздігінің деңгейін оң ба­ға­лауы маңызды жетіс­тік­тер­дің бірі саналады. Сондай-ақ ИКАО Ассамблеясының 41-сессиясында аталған халық­ара­лық ұйымның Бас хатшысы Қазақстандағы азаматтық авиация қызметін реттеудің еуропалық моделін енгізуді жоғары бағалап, бұл ИКАО-ның қауіпсіздік стандарттарына толық сай келетін әлемдегі ең озық әрі тиімді тетіктердің бірі екенін айтты. Яғни еліміз жоғарыдағы халықаралық аза­маттық авиация ұйымының талабын 84%-ға орындап отыр.

Қазір қазақстандықтар әлем­нің 29 еліне тікелей рейс­термен ұша алады. Ішкі әуе рейстерді аптасына 687 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 5 отандық әуе компания­сы орындайды. Осы жылы NEOS әуе компаниясы Алматы – Милан, «Эйр Астана» компаниясы Алматы – Ираклион, Vietjet Air компаниясы Алматы – Нха Транг, Jazeera Airways компаниясы Түркістан – Кувейт, AnadoluJet компаниясы Алматы – Анкара мен Астана – Анкара және Pegasus Airlines компаниясының Ал­маты – Анкара, Алматыдан Сургутқа, Тюменьге және Но­во­сібірге, сондай-ақ Аста­на­дан Санкт-Петербургке жаңа бағыттары ашылды. «Түрік­мен­хаваеллары» компаниясы Алматыдан Ашғабадқа әуе рейстерін қалпына келтірді.

Ақтау мен Шымкенттен Ан­ка­раға, Алматы мен Ақ­тау­дан Мединаға, Астанадан Нячангқа 25 желтоқсаннан бас­тап, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге 2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде рейстер ашылады.

Сонымен қатар Air Seychelles әуе компаниясы 26 жел­тоқ­сан­нан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Алматы – Маэ бағыты бойын­ша рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Аты­раудан Ыстанбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алма­ты­дан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстердің ұлғаюы күтіліп отыр.

Қазақстандық әуе компания­лары Пәкістанға Астана мен Шымкенттен Карачиге рейстер ашып, Үндістанға Алматы – Дели бағыты бойынша, Қытайға Алматы – Чэнду бағыты бо­йынша, Ұлыбританияға Алматы – Лондон бағыты бойынша орындалатын рейстер санын ұл­ғай­туды көздеп отыр.

2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бас­тап Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға және Астанадан Тбилиси мен Под­го­рицаға маусымдық рейс­тер­дің қайта басталатынын атап өткен жөн. Бұдан басқа, Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқанд, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қай­та басталады деп күтілуде.

2023 жылдың көктемгі-жазғы навигациясынан бастап Air Asia X әуе компаниясы Куала-Лумпурдан Алматыға, Thai Air Asia компаниясы Банг­кок­тан Алматыға рейстерді ашу­­ды жоспарлаған.

Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жо­лаушылардың құқықтары бұ­зыл­ғаны үшін әуе тасымалдаушыларды жауапқа тарту бойын­ша жұмысты жалғастыруда. Рейстердің кешігуі кезінде жо­лау­шылардың құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ әуе көлі­гі­мен тасымалдаудың халық­аралық ережелерінің бұзылуына байланысты қазақстандық әуе­компаниялар 8 100 айлық есеп­тік көрсеткіш (24 810 300 теңге) мөлшерінде айыппұл тү­рін­де 10 рет әкімшілік жауап­қа тартылды.

2022 жылы Қазақстанның аза­маттық авиация саласындағы ха­лықаралық стандарттарға сәй­­кес­тік деңгейін арттыру бо­йын­ша жұмыс жалғастырылды.

Авиациялық билік халық­ара­лық әуе көлігі қауым­дас­тығы (IATA), халық­аралық әуежайлар кеңесі (ACI), iPADIS сияқты бірқатар халықаралық ұйыммен Ынтымақтастық туралы мемо­ран­­думға қол қойды. Бұл келі­сім­дер жаһандық деңгейде са­­ламен ынтымақтастық пен әріптестікті жақсартудың және отандық авиацияның беделін нығайтудың тағы бір қадамын білдіреді.

«Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейсті ашу жө­нін­дегі жұмыс аясында АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігімен ынтымақтастықты кеңейту жал­ға­суда. Тамыз айында тексе­ру пункттерінің жай-күйін және олардың америкалық стан­дарт­тарға сәйкестігін алдын ала бағалау мақсатында TSA сарап­шыларының екінші сапары өтті. Техникалық сапардың нәтижелері бойынша сарапшылар тексеру пункттері мен бақылау-өткізу пункттерінің жай-күйіне оң баға берді. Бұл ретте авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналының үйле­сімді жұмысы ерекше айтылды», деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Институционалды шаралар­дан басқа 2022 жылы әуе­жайлардың инфра­құ­рылымын жаңғырту жұмыстары жал­ғас­тырылды. Биыл қайта жа­ңар­тудан кейін Үржар және Үшарал әуежайларына сертификаттау жүргізілді. Орал қала­сының әуежайында жаңа жолау­шылар терминалы ашылды. Алматы қаласы әуежайы жаңа халықаралық терминалының құрылысы басталып, Шымкент қаласының әуежайында жолаушылар терминалын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Әуе компанияларының әлеуеті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар