Оқиға
1 мин оқу 220

Түркістанда жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып, қашып кеткен

<p style="text-align: justify;">Түркістанда жаяу жүргіншілер өткелінде екі әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Полицейлер анықтағандай, Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз көлік жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан екі әйелді қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарымен жаяу жүргіншілер ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бірден екі бап бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша, және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тіркелді. Оқиға болған жерді қарау кезінде айна сынықтары және басқа да айғақ заттар алынды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде полицейлер олардың ВАЗ-2106 автокөлігіне тиесілі екенін анықтады. Полицейлер 24 сағат ішінде жүргізушіні тұрғылықты жерінде анықтады. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Түркістанда жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып, қашып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар