Әлем
1 мин оқу 232

Перудың бұрынғы президенті түрмеге қамалуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Биліктен қуылған экс-президентке Перуде бүлік ұйымдастырмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазіргі уақытта Педро Кастильоны полиция қамауға алып, бірқатар қылмыс жасады деген айыппен 10 тәулікке тергеу изоляторына қамады. Солардың ішіндегі ең ауыры – бүлік шығаруға әрекет жасау (Перу Қылмыстық кодексінің 346-бабы). Егер оның кінәсі дәлелденсе 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар экс-президентке билікті асыра пайдаланды және қоғамдық тыныштықты бұзды деген айып тағылып отыр. Бұдан бөлек, оның сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы тексеріледі. 

Айта кетейік,  7 желтоқсанда парламент Кастильоны биліктен алып тастады.

Бөлісу:
Перудың бұрынғы президенті түрмеге қамалуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар