Президент
1 мин оқу 272

Әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл...

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент желтоқсан айындағы кездесулерде дәстүрлі түрде бірлескен жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңде атқаратын міндеттердің айқындалатынын айтты.

 - Биыл әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл болды. Халықаралық қоғамдастық пандемия зардабынан айығып үлгермей жатып, жаңа геосаяси және экономикалық сын-қатерлермен бетпе-бет келді, - деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтары енгізіліп жатқанына да тоқталды. 

- ЕАЭО аясындағы ынтымақтастығымыз жаһандық үрдістерден ерекшеленетіні келешекке сенім ұялатады. Сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр, - деді Қ.Тоқаев. 

Бөлісу:
Әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар