Спорт
1 мин оқу 460
Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді
<p style="text-align: justify;">12-14 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жарыс бағдарламасына сәйкес жасөспірімдер мен жастар, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтайды. Ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде (ерлер 8, әйелдер 4) белдеседі.
Әлемдік додада ұлттық құраманың өкілдері – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Марат Байқамұров (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг) ересектер арасында ел намысын қорғайды.
Бөлісу: