Аймақтар
1 мин оқу 1,232
Павлодардағы қоғамдық көліктерде жол жүру билеттері алынып тасталды
<p style="text-align: justify;">Мұндай шешім облыстық көлік одағында қабылданды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
– Ұзақ пайдаланудағы қағаз түріндегі жол жүру билеттерін жою туралы шешім «Тасымалдаушылар қауымдастығымен» қабылданды. Бұл жол ақысын төлеу үшін электрондық жүйе енгізілуімен байланысты. Аталған шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, - деп түсіндірді Павлодар қаласының әкімдігіндегілер.
Айта кетейік, желтоқсан айына сатылған билеттер әлі де жарамды.
Бөлісу: