Ауа райы
1 мин оқу 300
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Петропавлда күндіз баяу бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысының таулы аймақтарына тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Күндіз тауда бұрқасын болады, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Бөлісу: