Футбол
1 мин оқу 310

ӘЧ-2022: Бразилия Хорватиядан жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Хорватия мен Бразилия арасындағы кездесу Бразилия құрамасының жеңілісімен аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Екі команданың алғашқы 120 минуты 1:1 есебімен аяқталғанымен, пенальтиде еуропалықтар мықтырақ болды.

Екі команда арасындағы ойынды әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған жанкүйерлер тамашалады. Жанкүйерлер үшін Бразилия құрамасының ширек финалдан кетуі нағыз трагедия болды. Олардың ойынша, команданың жеңіске жетуге толық мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар Бразилия құрамасының бас бапкері Тите сәтсіз ойыннан кейін өз мансабын аяқтайтынын айтты.

Бөлісу:
ӘЧ-2022: Бразилия Хорватиядан жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар