Ауа райы
1 мин оқу 260

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

<p style="text-align: justify;">11 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылорда облысында 11 желтоқсан таңертең және күндіз орталықта солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран болады. Батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төмен қарлы боран. Солтүстіктен соғатын жел облыстың батысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында төмен қарлы боран. Күндіз облыстың шығысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Күндіз тау асуларында төмен қарлы боран болады. Күндіз таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан жел соғады.

Бөлісу:
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар