Футбол
1 мин оқу 421
ӘЧ-2022: Марокко құрамасы Португалияны жеңді
<p style="text-align: justify;">Марокко Қатарда өткен әлем чемпионатының ширек финалында Португалияны 0:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ойындағы жалғыз голды 42-минутта марокколық шабуылшы Юсеф Эн-Несири соқты.
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға 51-минутта Рубен Невестің орнына шықты. Бұл матч Роналду үшін ұлттық құрамадағы мансабындағы 196-шы ойыны болды.
Қосалқы уақытта марокколық шабуылшы Валид Шеддира екі минут ішінде екі сары қағаз алды.
Марокко құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Бөлісу: