Оқиға
1 мин оқу 680

Қарағандыдағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қарағандыдағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

«Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді», деді қалалық ТЖ департаментінен. 

Өрт салдарынан 1952 жылғы ер адамды, 1953 жылы туған әйел мен 8 жасар баланы күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен ер адам бүгін ауруханада көз жұмды.

Бөлісу:
Қарағандыдағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар