Қоғам
1 мин оқу 265

Экологиялық ахуал этюдтері

<p style="text-align: justify;">Ақтауда суретшілер, фотографтар және digital-дизайнер&shy;лердің арасында &laquo;ЭГО-дан ЭКО-ға&raquo; тақырыбында респуб&shy;ликалық байқау өтті.</p>

Экологиялық ахуал этюдтері

Халықаралық фотографтар, сурет­шілер, дизайнерлер, street-art сурет­шілердің назарын аймақтың экология­сына аударту, Каспий те­ңі­зінің биологиялық эко­жү­йе­сін сақтау және қалпына келтіру, биологиялық ресурс­тарды тұрақты пайдалануды қам­тамасыз ету мақ­са­тын­дағы байқауға үміт­керлер жұ­мыстарын қабылдау биыл күзде басталған болатын. Бай­­­қауға ынта біл­ді­ру­шілер аз болған жоқ, елі­міздің әр түкпірінен 7 мен 65 жас ара­лығындағы сурет­шілер мен фотографтардан, digital-дизай­нерлерден үш аталым бойын­ша 150-ден астам жұмыс келіп түсті. Маңғыстаудың экологиялық мәселелерін сипаттайтын шығармаларды сарапқа салуда халықаралық деңгейдегі шетелдік маман­дарға се­нім жүктеліп, олар 20 үз­дік жұмысты таңдап, же­ңімпаздарға арнайы марапаттарды табыстады.

Маңғыстау экология­сы, Кас­­пий те­ңізінің ахуалы – бү­­гінгі күн тәр­тібінде тұр­ған алаң­датарлық мәселе. Бұл жағдай суретшілерді де бейжай қалдырмайды екен, оны әр алуан ең­бектердегі жан ауыр­тарлық суреттер дә­лелдей түсті.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Экологиялық ахуал этюдтері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар