Бокс
1 мин оқу 430

Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін Танзания өкілі Лулу Каягемен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бұл Ангелина Лукастың кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегі. Ол он раундқа жоспарланған еді, бірақ екі раундқа ғана созылды. Каяге жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, Лулу Каяге тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады.

Алдыңғы жекпе-жегінде Лукас UBO International титулын жеңіп алды.

Бөлісу:
Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар