Аймақтар
1 мин оқу 303

Петропавлда тағы да су құбыры жарылды

<p style="text-align: justify;">Петропавлда су құбыры желісінде тағы да апат болып,&nbsp;қаладағы су қысымы төмендеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«314 атқыштар дивизиясы көшесіндегі су құбырының бұзылуына байланысты қаладағы су қысымы төмендеді. Қазіргі уақытта бүлінген аумақ оқшауланды, мамандар апат болған жерде жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының баспасөз қызметі.

Жарылыс түнде болды. Диаметрі 800 миллиметр суық су құбыры зақымданған.

Бөлісу: