Қазақстан
1 мин оқу 380

19 шетелдік компания Қазақстанда өз жұмысын бастады

<p style="text-align: justify;">Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанға шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы 7 жылда кемінде $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәселен, I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.

«131 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 30 трлн теңгеге 850 инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулымен жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың қорытындысы бойынша 18,5 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеге 190 жоба пайдалануға беріледі», деді ол.

Сондай-ақ Премьер-Министр Қазақстанға бірқатар шетелдік кәсіпорынды көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда 19 компания көшірілді, ал басқалары бойынша бұл мәселе пысықталуда.

Бөлісу:
19 шетелдік компания Қазақстанда өз жұмысын бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар