Білім
1 мин оқу 352

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді

<p style="text-align: justify;">Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Оқу-ағарту министрінің жазбасына сілтеме жасап.</p>

«Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар. Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты. Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты», деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар