Хоккей
1 мин оқу 202
Хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасы Венгриямен кездеседі
<p style="text-align: justify;">12 желтоқсанда Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының І дивизионы А тобы аясында Венгриямен кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://prosports.kz/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Prosports.kz</a> порталына сілтеме жасап.</p>
Бірінші сайыс күні екі команда да сәтсіз өнер көрсетті. Қазақстандықтар франциялық құрдастарынан 0:2 есебімен жеңілсе, венгриялық құрама турнир қожайыны Данияға овертаймда (2:3) есе жіберді.
Енді Александр Истомин шәкірттеріне тек жеңіс қажет.
Қазақстан – Венгрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:30-да басталады.
Бөлісу: