Саясат
1 мин оқу 285

Қос тарапқа да тиімді мәміле

<p style="text-align: justify;">Сенатта Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның XVIII отырысы өтті.</p>

Қос тарапқа да тиімді мәміле

Отырысты ашқан Сенат төр­ағасы Мәулен Әшімбаев екі ел ара­­сын­дағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін парламент­тер­дің өзара жұмысын одан әрі жан­дандыру маңызды екенін айтты.

Кездесу барысында депу­тат­­тар Қазақ­стан-Ресей ынты­мақтастығын негізгі бағыт­тар бойынша дамыту перспек­ти­ва­­ларын талқылады. Оның ішін­­де білім, транзиттік-көлік­тік әлеует, өңіраралық және ше­кара маңындағы ынтымақ­тас­­тық мәселелері бар. Ко­мис­сия мүшелері автожол инфрақұрылымын бірлесіп дамыту ісіне де ерекше назар аудар­ды. Сондай-ақ шекарадағы өт­кізу пункттерін дамыту, оларды заманауи инспекциялық-тек­серу кешендерімен жабдықтау және шекара маңындағы инфра­құ­рылымды жақсарту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Комиссияның Қазақстан тарапынан тең төрағасы, Сенат вице-спикері Асқар Шәкіров алда тұрған міндеттерді сапалы пысықтау үшін парламентаралық өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңызды екенін тілге тиек етті. Өз кезегінде Федерация Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Комиссияның Ресей тарапынан тең төрағасы Ан­д­рей Яцкин әріптестеріне бір­қатар өзекті мәселені жан-жақ­ты талқы­лағаны үшін алғысын білдіріп, бар­лық саладағы екіжақты ынты­мақ­тастықты әрі қарай дамыту үшін белсенді жұмыс істеуге да­йын екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қос тарапқа да тиімді мәміле · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар