Өнер
1 мин оқу 503

Тараздағы «Жайлаукөл кештері»

<p style="text-align: justify;">Таразда қазақ музыкасының корифейі, &laquo;Жайлаукөл кештері&raquo;, &laquo;Еділ мен Жайық&raquo;, &laquo;Даниярдың әні&raquo;, &laquo;Жәмиләнің әні&raquo; секілді көптеген туындылары ән әле&shy;мінде алтын әріппен жазылған Қазақстанның Еңбек Ері, даңқты композитор Ілия Жақановтың &laquo;Жайлаукөл кештері&raquo; атты шы&shy;ғармашылық кеші өтті.</p>

Тараздағы «Жайлаукөл кештері»

Іс-шара барысында Ба­ласағұн атын­дағы орталық концерт залға жи­налған жұрт­шылыққа үш бірдей жинақ та­ныстырылды. Жаңадан жа­рық көрген кітаптардың қа­тарында өнер жанашыры Қанат Ордабаевтың демеу­шілігімен жарық көрген Ілия Жақановтың шығар­малары енген «Жай­лаукөл кештері» атты жинақ бар. Одан бөлек, жазушы-журналист Қали Сәр­сенбайдың қаламынан туған «Дүлдүл», Ілия Жақановтың өзі жазған «Таңғажайып махаббат» се­кілді жинақтар да оқырман үшін үлкен олжа екені рас.

Ілия Жақановтың жан тебірентетін әндерімен әдіп­телген кеш барысында өңір бас­шысы Нұржан Нұржігітов сөз алып, дарабоз тұлғаға ізгі тілегін жеткізді.

«Қазақтың байтақ даласын ән-күйге бөлеген Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, Ықылас, ХХ ға­сыр­дың корифейлері Шәм­ші мен Нұрғиса секілді өнер дүлдүлдерінің қасиетті жо­лын жалғаған қазақтың маң­дайалды композиторымен қай кезде де мақтанамыз», деді облыс әкімі.

Кеш барысында өнер жұл­­дыздары композитордың халыққа кең тараған әндерін шырқады. Көрерменнің есіне кезінде хит болған әндерді салды. «Жай­лаукөл кештері» сағыныштың сазына айналды.

Тараз

Бөлісу:
Тараздағы «Жайлаукөл кештері» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар