Оқиға
1 мин оқу 340
Қызылордада көпірден секірген тұрғын қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Оқиға 12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ-ге сілтеме жасап.</p>
Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден азаматшаның секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама алған тәртіп сақшылар оқиға орнына дереу жеткен.
Өкінішке қарай, тексеру барысында азаматшаның қайтыс болғандығы анықталды.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп жазылған хабарламада.
Бөлісу: