Ауыр атлетика
1 мин оқу 450

Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Боготада (Колумбия) өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес 397 келіні (жұлқа көтеруде 185 және серпе көтеруде 212) бағындырып, жеңіске жетті. Екінші орынды қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы - 383 (174 + 209) иеленсе, колумбиялық Джор Морено - 380 (171 + 209) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл медаль өткен әлем чемпионатындағы екінші медаль болды - бұған дейін Алексей Чуркин 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.

Бөлісу:
Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар