Қазақстан
1 мин оқу 211

Мұхтар Тілеуберді Германияның Федералды канцлерімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Сапардың бірінші күні Министр Германия экономикасы шығыс комитетінің (ГЭШК) құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысты.

Іс-шараға ГФР Федералды канцлері Олаф Шольц, Вице-канцлер - Федералды экономика және климатты қорғау министрі Роберт Хабек, ГФР мемлекеттік органдарының басшылары, жетекші неміс компаниялары мен бизнес қауымдастықтарының топ-менеджерлері қатысты.

ГЭШК - Шығыс Еуропа және Орталық Азияның 29 мемлекетінде неміс капиталы бар инвестициялық жобаларды ілгерілететін ірі және көне бизнес-қауымдастықтардың бірі. Комитет іс жүзінде барлық бизнес салаларының мүдделерін білдіретін Германияның ірі негізгі іскерлік бірлестіктерін біріктіреді.

Іс-шара аясында министр М.Тілеуберді Германияның Федералды канцлері О.Шольцпен кездесіп, сондай-ақ ГЭШК Басқарма төрағасының орынбасары Ганс-Ульрих Энгель және атқарушы директор Майкл Хармспен келіссөздер жүргізді.

ГЭШК басшылығына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жолдауы табыс етілді. Онда Шығыс комитетінің Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі ерекше аталған.

Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді Германияның Федералды канцлерімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар