Президент
1 мин оқу 173

Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады

<p style="text-align: justify;">Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысына аймақтың биылғы 11 айдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде есеп берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы баяндалды. Облыс әкімінің мәліметінше, өнеркәсіптің барлық саласында оң үрдіс байқалады. Атап айтқанда, бұл сала 6 пайызға өскен.

Кездесу барысында аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, оның ішінде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу:
Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар