Оқиға
1 мин оқу 235
Алматы тауларында қар көшкіні жүрді
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында бүгін сағат 09:33-те аудандық маңызы бар Түрген – Батан – Ассы обсерваториясының 22,3 шақырымында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселезащита» мемлекеттік мекемесі қар көшкініне тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы себеп болғанын түсіндірді.
«Қар көшкінінің жалпы көлемі (көшкін конусы) 99 текше метр, ұзындығы - 22 м, ені - 6 м, биіктігі - 4,5 м. Оқиға орнына «Казселезащита» ММ қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ ауданының құтқарушылары шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
.
Бөлісу: