Қонаев қаласында ірі қару-жарақ орны табылды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады.
«Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem BENELLI мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшы мылтығы және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды. Сонымен қатар газ тапаншасы, Ф-1 екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патроны бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласы ПБ-ға тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.