Үкімет басшысы Гаутам Аданимен кездесті
<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.
Премьер-Министр мұның барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті.
«Осы орайда Adani Group-пен ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп санаймыз және сіздің компанияңыздың біздің еліміздегі іскерлік байланыстарды кеңейту ниетін құптаймыз», деді Әлихан Смайылов.
Үкімет Қазақстанда холдинг жобаларын іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
Өз кезегінде Гаутам Адани компания бірінші кезекте азаматтық авиация, мұнай-химия секторы, көлік-логистикалық инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және «жасыл» сутегін өндіру бойынша жобаларға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
«Біз белсенді жұмыс істеуге дайынбыз», деді Гаутам Адани.