Футбол
1 мин оқу 490
ӘЧ: Аргентина Хорватия құрамасын жеңді
<p style="text-align: justify;">Аргентина құрамасы Хорватияны 3:0 есебімен жеңіп, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Шабуылшы Лионель Месси 34-минутта пенальтиде есеп ашты. Месси үшін бұл гол оның мансабындағы әлем чемпионаттарындағы 11-ші голы болды. Ол Габриэль Батистутаны басып озып, турнирде гол соғу бойынша ұлттық құраманың жаңа рекордын орнатты.
2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы сәрсенбі, 14 желтоқсанда өтетін Франция – Марокко кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Катардағы турнирдің финалы 18 желтоқсанда Лусаил стадионында өтеді. Үшінші орын үшін матч 17 желтоқсанда Халифа Аренада өтеді.
Бөлісу: