Үкімет
1 мин оқу 211

Әлихан Смайылов министрлерге ескерту жасады

<p style="text-align: justify;">Үкімет отырысында Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдерге 2023 жылы кезігетін жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге дайын болу керектігін ескертті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Биыл біз күрделі геосаяси жағдайға байланысты бірқатар қиындыққа тап болдық. Бұл бағаның өсуіне, инфляцияға, экономикалық дамудың бәсеңдеуіне әкеп соқты. 2023 жылы бізді жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер күтіп тұр. Сондықтан біз Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек. Сондай-ақ форс-мажор жағдайларға барынша тез әрекет етуіміз қажет. Әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100%-ке орындалуына кепілдік беруі тиіс. Ал әрбір әкім жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің сапалы шешілуін қамтамасыз етуі керек», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы цифрлық жобалық офис аясында барлық бағдарламаның жобалары мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын тұрақты түрде бақылап отырады. Мерзімінде орындалмаса немесе орындалу сапасы нашар болса, дереу кадрлық шешімдер қабылданады.

Бөлісу:
Әлихан Смайылов министрлерге ескерту жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар