«АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеру жұмыстары басталды
<p style="text-align: justify;">Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» қызметін тексеруге кірісті. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өскенбаев өз сөзінде АМТ бойынша келісімшарттық міндеттемелер қаралғанын айтты.
«Қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен АМТ қызметіне кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижесі кейінірек хабарланады», деді ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.
Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты шағымдар туралы айтқан болатын. Ол «АрселорМиттал Теміртаудағы» жұмыстың жай-күйі, технологиялық жағдайының нашарлауы үлкен алаңдаушылық туғызып отырғанын мәлімдеді.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздікке немқұрайды қарау өлім-жітім санының артуына алып келеді», деді Әлихан Смайылов.
Еске салайық, 8 желтоқсанда кәсіпорынның өндірісінде тағы бір қайғылы оқиға орын алып, соның салдарынан жұмысшы қаза тапқан болатын.